VIN TOP

Актуально

Кейс: «Талап» VS ДСМ – МӘМС жөніндегі тартыстан әріптестікке дейін

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Мақсат – денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру. Осылайша, жаңа кезеңге аяқ басқан Елжан Біртанов пен Рахым Ошақбаевтың тайталасы жемісті болады деген сенім бар. Бір жағынан Денсаулық сақтау министрлігі, екінші жағынан азаматтық қоғам, яғни «Талап» орталығы меморандумға көрсетілген міндеттерді жүзеге асырады. Қазақстанда мұндай жағдай бірінші рет болып отырғанын атап айтқан жөн.


Дегенмен, қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін денсаулық сақтау саласындағы реформаның мәні мен мәселелері түсініксіз күйі қалып отыр. Реформаға қатысты пікірлер мен келтірілген деректермен байланысты жарияланымдар тізбегін жалғастыра отырып, медициналық сақтандырудың жаңа жүйесіне қатысты негізгі түйткілдерді талдап көрген ек. «Даму» қорында өткен дөңгелек үстел барысында МӘМС экономикалық жағынан ғана емес, заң тұрғысынан да, мәні жөнінен де айтарлықтай сынға ұшырады.


МӘМС шынымен де сақтандырушы жүйе ме?


Ошақбаев теледебат кезінде-ақ бекітілген жүйенің сақтандырушы емес екенін және әлемдегі медициналық сақтандыруға тән актуарлы (ықтимал) әдісі жоқ екенін дәлелдеп берген болатын.


Все о реформе здравоохранения в Казахстане.Отчисления в ФСМС

Актуарлы есеп жөнінде


Төмендегі слайдта актуарлы есеп тұрғысынан МӘМС жүйесімен байланысты мәселелер көрсетілген.


Шок! В Казахстане вводят системы обязательного медицинского страхования

Скандальная реформа здравоохранения в Казахстане

«Дамуда» өткен дөңгелек үстелде Ошақбаевтың қарсыластары (олардың арасында үлгіні жасауға қатысқан Әли Нұрғожаев та бар, Sta Bene Healthcare Solutions) бұл үлгінің актуар емес екенін және «сақтандырушы» дегенді мұнда тура мағынасында түсіну керектігін мойындады (лингвистика тұрғысынан мәтіннің басқаша айтылуы бар).


Медициналық сақтандыру бойынша бүкіл ел көлемінде актуарлы есепті пайдалануға бола ма?


Кәсіпкер әрі қаржыгер Әсет Наурызбаев былай дейді:


«Бұл үлгіде ең негізгі нәрсе жоқ, яғни адамды салауатты өмір сүруге ынталандыру жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі негізінен сонымен айналысуы керек. Бұл тұрғыда сақтандыру тетігі қалай жұмыс істейтінін қарапайым және баршаға жақсы мәлім мысал түрінде түсіндіргім келеді. Егер жол тәртібін бұзып, үнемі жол апатына түсетін болсаңыз, сіз үшін автосақтандыру басқа азаматтармен салыстырғанда қымбатқа түседі. Медициналық сақтандыруда да осылай болуы тиіс: егер ішімдікке үйір болсаңыз, соған орай денсаулығыңызда кінәрат болса, мысалы, бауырыңыз ауыратын болса, ешқандай сақтандыру компаниясы сізге арзан медициналық сақтандыру бермейді.


Актуарлы есеп – қандай да бір науқасқа шалдығу ықтималдығының анализі.



Қарапайым жолмен есептеп көрелік. Мәселен, 18 миллион халқы бар Қазақстанда жылына 18 мың адам қатерлі ісік дертіне шалдығады. Яғни, бір жылда қатерлі ісікпен ауыру ықтималдығы бір мың немесе 0,1 пайыз. Емнің орташа бағасы да статистикамен анықталады: емге жұмсалатын барлық шығын барлық науқасқа бөлінеді. Ол шамамен 10 миллион теңге делік. Олай болса, қатерлі ісікке шалдығуға байланысты сақтандыру үшін 10 миллион теңгенің бір мыңын төлеу керек, яғни жылына 10 мың теңге.


Бұл нақты есеп емес, ол сақтандыру полисінің бағасы шамамен қандай болуы керектігін көрсетеді. Бұдан гөрі толығырақ есептеу кезінде өмір сүру салтына орай науқасқа шалдығу ықтималдығы, тұқым қуалайтын аурулар, басқа сырқаттарының болуы секілді жайттар ескеріледі. Әртүрлі аурулардың арасында статистикамен есептелетін тәуелділік бар. Әлемде есептеу үлгілерінің барлығы дерлік жасалып қойған. Медицинада сырқаттардың әртүрлі болуына қарамастан, бір-біріне тәуелді аурулардың ықтималдық матрицасын есептеу оңай. Математика тұрғысынан ол аса күрделі емес, алайда ауқымы жағынан қиындау, өйткені ауру түрлері де көп, адам да көп…


Яғни, сырқаттардың ықтималдығы статистика негізінде есептеледі. Дегенмен, жаһандық және жергілікті заңдылықтар бар. Мәселен, Алматыда ауа қатты ластанған, яғни өкпенің қатерлі ісігіне шалдығу коэффициенті жоғары болады. Ал ауыр науқастар үшін медициналық сақтандыру деген лотерея іспетті, оны мейлінше жеңіп алмай-ақ қойған дұрыс. Бәріміз лотерея билетін сатып аламыз, арамыздағы «ұтыс» билетін алған бейбақ біздің есебімізден емделеді. Статистиканы алып, сонымен мұқият жұмыс істеу керек. Бұл математика факультетін бітірген түлектер үшін соншалық күрделі есеп емес.


Актуарлы есеп сақтандыру нарығында өнім жасаудың негізі болып есептеледі. Ең жаманы, отандық банк секторындағы сияқты, мұнда да нарықтық әртүрлілік жоқ. Амал тұрғысынан келсек, бүкіл ел көлемінде бірде шұжық, бірде сыра түріндені Кеңес Одағын көруге болады. Ал мемлекет біртіндеп бизнеске «кіріп» келеді (МӘМС құрылуы да осы сөзіміздің дәлелі). Мен бұл нарықтағы қозғалысты қолдаймын, сақтандыру компанияларының неғұрлым көп болғанын қалаймын. Сақтандырушылар дәл автокөлік сақтандырушылар секілді жұмыс істеуі керек. Егер ішімдікке үйір болсаңыз, төбелеске құмар болсаңыз, шұғыл көмекке дайын болыңыз. Ал салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін сақтандыру арзандаған үстіне арзандай түсуі керек. Әрине, мінез-құлқының кесірінен қымбат сақтандыруды төлей алмағандарға жаның ашиды, дегенмен бұл бөлек әлеуметтік-саяси міндет. Бұл қоғам үшін нақты белгіленіп, жарияланған мемлекеттік саясат мәселесі және ол бюджет есебінен емес, сақтандыру механизмі арқылы жүзеге асуы тиіс».


Азаматтарға МӘМС әсері қандай (қосымша төлемнен басқа)?


Реформаның мәні түсінікті


Реформа здравоохранения в Казахстане

Бизнес үшін не өзгереді?


Характер платежей в ФСМС

Түсініксіз тұсы көп, соның ішінде, мәселен, неге азаматтық-құқықтық типтегі келісім-шарт бойынша қорға келісім-шарттың жалпы сомасынан 5% аудары керек, ал ЖК неге 1% аударады? Мұның қаупі де жоқ емес. Сарапшылардың айтуынша, мемлекет өзіне өзі зиян келтіреді. Өйткені, мемлекеттік органдар бухгалтериялардың таза жұмыс істеуіне қанша күш салғанымен, жұрт табысын жасыруға тырысады.


Мемлекет үшін (бюджет үшін) қандай өзгеріс болады?


Реформирование здравоохранения в Казахстане

Қордың өзі қаншаға түседі?


Реформирование здравоохранения в Казахстане

2018 жылдың өзінде (егер «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы мен ДСМ арасындағы меморандумнан ештеңе шықпаса) Қордың қызмет етуі үшін шамамен 8,3 миллиард теңге төлейміз. Әрі қарай бұл сома арта береді, 2021 жылы 13,4 миллиард теңге болады.


Ал МӘМС қызметкерлерінің саны филиалдарды қосқанда 2018 жылы 251 адам болады. Салыстыру үшін айта кетсек: Денсаулық сақтау министрлігінің штатында 5000-нан астам адам бар. Министрлікті ұстап тұруға 17 миллиард теңге керек. Яғни, бар болғаны 2,048 есе көп. Яғни, елімізде денсаулық сақтаумен айналысатын бір органның орнына бір жарым болады деген сөз.


Ал МӘМС басқарма төрағасының айлық жалақысы 1,7 миллион теңге деп айтылды. Мұндай деңгейдегі шенеунік үшін қалыпты айлық секілді. МӘМС басқарушы директорларының айлық жалақысы (4 адам) 1,1 миллион теңгеге сәл жетпейді.


Тағы да сандарды сөйлетсек: 2017 жылдың 6 айында, болжам бойынша, Қор шығындары 1543 миллион теңге болған, оның ішінде еңбекақы – 714 миллион теңге, ғимарат жалдау, құрал-жабдық және көлік – 284 миллион теңге.



Источник: “https://factcheck.kz/kaz/glavnoe/kejs-talap-vs-dsm-mams-zhonindegi-tartystan-ariptestikke-dejin/”

Новости читателей

Кожедый желающий может добавить свою новость или материал на сайт.

ДОБАВИТЬ